Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бивол әлем чемпионы атанған дзюдошыға қолғабын сыйлады

Редактор
11.03.2025, 12:21

Инал Тасоев 2023 жылы әлем чемпионатында танымал Тедди Ринермен кездескен

instagram.com/inaltasoev

Дмитрий Бивол өзінің бокс қолғабын дзюдодан әлем чемпионы Инал Тасоевқа тарту етті.

Жақында ғана Сауд Арабиясында өткен кәсіпқой бокс кешінде Артур Битербиевті төрешілер шешімі бойынша жеңіп, өз салмағында әлемнің абсолютті чемпионы атанған боксшы ресейлік дзюдошымен кездескен.

Бұл туралы Тасоев желіде жазба жариялап, боксшымен кездесудің ерекше есте қалғанын атады.

«Танысқаныма қуаныштымын, Дима! Денсаулық тілей отырып, өзінің сүйікті ісіңде айтулы жетістіктер тілеймін», - деп жазды Инал Тасоев.

Инал Тасоев дзюдодан аса үлкен салмақта өнер көрсетеді. Балуан 2023 жылы әлем чемпионатының финалында танымал Тедди Ринермен кездескен еді.

Алайда төрешілер оның таза әдіс нәтижесін есепке алмай, кездесу қорытындысы бойынша француз спортшысы жеңімпаз атанды. Кейін арнайы комиссия белдесуді қайта қарап, Тасоев әлем чемпионы деп танылды. Сәйкесінше, Ринердің де чемпион ретінде алтын жүлдесі өзінде қалдырылды.

Жарнама
Жарнама