Биыл күзде екеуінің арасындағы текетіреске нүкте қойылады
Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы (79,4 кг) ресейлік Дмитрий Бивол отандасы Артур Бетербиевпен өтуі мүмкін үшінші айқасы туралы пікір білдірді.
Есте болса, былтыр алғашқы жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Биыл ақпанда өткен қарымта матчта Бивол сенімді жеңіске жетіп, бес бірдей чемпиондық белбеуді иеленіп кетті. Енді екеуі үшінші рет шешуші жекпе-жек өткізуі мүмкін.
«Мен үшін Бетербиевпен реваншқа ыңғайлы уақыт – қараша мен желтоқсан айлары. Оған дейін қалпыма келуім керек», — деді Бивол «Чемпионат» сайтына берген сұхбатында.
Бетербиев пен Бивол соңғы айқасы 22 ақпаннан 23-не қараған түні Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп, төрешілердің басым дауысымен Дмитрийдің жеңісімен аяқталды (114-114, 116-112, 115-113). Бетербиев карьерасында алғаш рет жеңіліс тапты.