Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионаты: Жайна Шекербекова мексикалық боксшыны тас-талқан етіп жеңді

Редактор
12.03.2025, 00:14

Бүгінгі жарыс күні 6 боксшымыз рингке шығып, бесеуі жеңіске жетті

Қазақстан бокс федерациясы

Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде тағы үш боксшымыз жеңіске жетіп, бреуі жеңілді.

Жарыстың күндізгі сессиясында Алуа Балқыбекова (50 кг) мен Виктория Графеева (60 кг) шаршы алаңға шығып, екеуі де ширек финалға жолдама алғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Кешкі сессияда қазақстандық төрт боксшы қыз бағын сынады.

Алдымен Аида Әбікеева (63 кг) қытайлық Шиоио Жуды 5:0 есебімен ойсырата жеңсе, артынша Жайна Шекербекова (54 кг) рингке шығып, мексикалық Ариадна Гио Алонсоға еш мүмкіндік берген жоқ, есеп 5:0.

66 келіде сынға түскен Жасмин Кизатова да ширек финалда. Ол бүгін Кабо-Верде өкілі Ивануса Морейрадан айласын асырды. Жасмин екінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін де айта кету керек.

Ал, Гүлсая Ержан (81 кг) қытайлық боксшыдан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.

Ширек финалда Алуа Балқыбекова түркиялық боксшы Айсен Таскинмен жұдырықтасады. Виктория Графеева болса Өзбекстан-Вьетнам жұбының жеңімпазымен кездеседі. Аида Әбікееваның да келесі қарсыласы Түркия өкілі болмақ. Ал, Жайна Шекербекова Сербия боксшысы Сара Цирковичтің әлеуетін байқап көреді. Жасмин Кизатова ресейлік Альбина Молдажановамен рингке шығады.

Ширек финалдық матчтар 13 наурызға жоспарланған.

Жарнама
Жарнама