Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Спортпен қоштастым» деген Қазақстан боксшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Редактор
12.03.2025, 21:24

Надежда Рябецтің қарсыласы жекпе-жектен бас тартты

ҚБФ

Бокстан Сербияда әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Надежда Рябецтің қарсыласы жекпе-жектен бас тартты.

Осылайша отандасымыз ширек финалға уақытынан бұрын жолдама алып отыр. Еліміздің бокс федерациясының мәліметінше, Рябецтің қарсыласы Сьерра-Леоне өкілі болған.

Естеріңізде, болса өткен жылдың қаңтар айында Надежда Рябец өкпесін айтып, бокспен қош айтысқанын жазған еді.

«Соңғы 8 жылда мұндай шектен шыққан басшылықты көрген емеспін. Олар бір қызды құрамадан қуып жіберді. Біреуі азаматтығын ауыстырып, басқа елдің атынан сынға түсемін деп шешті. Ал мен тек қана кетуді жөн көрдім. Өзін сыйлайтын спортшы осыдан кейін мансабын ара қарай жалғастырмайды. Қазір мен өте қолайлы жағдайдамын. Өзімді дамытып, өмірімді жақсарту үшін жұмыс істеп жүрмін. Ал арман ше? Олар арманымды өлтірді. Бәлкім мен құрамада тәртіп орнаған кезде спортқа қайтып оралармын...», - деген еді Надежда Рябец өткен жылғы мәлімдемесінде.

Токио Олимпиадасына еліміздің әйелдер құрамасынан жалғыз жолдама иеленіп, алғашқы айналымда есе жіберген еді. Қостанайлық боксшы 75 келіде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, ол жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, жастар арасында Азия чемпионатында топ жарды.

Жарнама
Жарнама