Назым төрешілер шешімі бойынша 4:1 есебімен басым түсті
Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ең атақты спортшымыздың бірі - 48 келідегі Назым Қызайбай финалға жолдама алды.
Солтүстік Кореяның спортшысы Хонг Кионг Рионгпен кездескен жерлесіміз жекпе-жекті өте сауатты өткізе білді. Соққы алмасу, қорғаныста пен шабуыл жасау барысында да Назым нәтижелі қимылдап, төрешілер шешімі бойынша 4:1 есебімен басым түсті.
Бұған дейін Назым 2014 және 2016 жылдары да финалға шығып, чемпион атанған еді