Үш боксшы әлем чемпионатында алтын үшін таласады
Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова финалға шықты.
50 келіде сынға түскен ұлттық құрама мүшесі жартылай финалдық кездесуде солтүстіккореялық Ан Кум Бёлді 5:0 есебімен қапы қалдырды.
Белгілі спортшы осымен үшінші рет әлем біріншілігінде өзін жүлдемен қамтып отыр. Бұған дейін ол дүниежүзілік біріншілікте күміс және қола жүлдегер атанған еді.
Сондай-ақ, жартылай финалға шыққан қазақстандық алты боксшының әзірге үшеуі финалға шығып отыр. Оның біреуі Назым Қызайбай болса, 60 келіде Виктория Графееваның финалға шыққаны мәлім болды.