Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Боксшы болса да дзюдоны таңдады»: Дмитрий Бивол ұлын дзюдо секциясына берді

Редактор
15.03.2025, 13:41

Дмитрий Бивол жұбайы Екатерина Биволмен 2023 жылы маусым айында ажырасқан

әлеуметтік желі

Бокстан бірінші жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Дмитрий Бивол ұлын дзюдо секциясына бергені белгілі болды.

Белгілі спортшы отбасынан ажырасса да кіші ұлы Никон Биволдың дзюдо секциясына қатысуына ниетті болған. Ол әке ретінде мұны мақтанышпен айтатынын бұған дейін мәлімдеді.

Естеріңізде болса, Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайы Екатерина Биволмен 2023 жылы маусым айында ажырасқан еді. Олардың ортақ некеден Мирон және Никон есімді екі ұлы бар.

Ақпан айында Бивол Артур Битербиевпен кездесіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылай ол бірінші жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанды.

Бұдан бөлек, аса ауыр салмақта әлемнің абсалютті чемпионы Александр Усик те ұлын дзюдо секциясына бергенін мәлімдеген еді. Спортшы бокстан гөрі дзюдоның өте ыңғайлы спорт екенін атай келе, болашақта ұлының дзюдошы болғанын қалайтынын сұхбаттарында айтып өткен.

Жарнама
Жарнама