Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан ең көп боксшы финалға жолдама алды
Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан ең көп боксшы финалға шықты. Аталған біріншілікте Қазақстан мен Ресей құрамасынан 5 боксшыдан финалға өтті.
Бұдан бөлек, Түркия боксшыларынан 4, Қытай мен Таиланд, Ирдандиядан 2 және Өзбекстан құрамасынан 1 боксшыдан ақтық кезеңге жолдама алды.
Олардың қатарында Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (50 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Елдана Тәліпова (+81 кг) сынды былғары қолға шеберлері бар. Ұлттық құрама мүшелерінен ширек финалға 10 боксшы шықса, жартылай финалға оның алтауы өткен-тін. Ал Наталья Богданова (70 кг) жартылай финалда есе жіберіп, қола жүлдеге ие болды.
Жалпы, Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының боксшылары әлем чемпионатында биыл рекорд орнатып отыр. Мәселен, 2021 жылы 1 боксшы ғана финалға шықса, 2023 жылы жартылай финалдан өткен болатын.