Ол жарыс алдында мемлекет басшысына сөз берген
Мансабында үшінші рет әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы Назым Қызайбай жеңістің қаншалықты ауыр жолмен келгенін айтты.
Еске салайық, Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында Назым 48 келіде чемпион атанды. Финалда ол ресейлік боксшыны 5:0 есебімен жеңген.
«Олимпиададан кейін президент алдында сөз сөйлегенде айтқан болатынмын, алд үлкен додаларда жақсы өнер көрсетуге бар күшімді саламын деп. Міне, содан бері бұл менің бірінші үлкен жеңісім. Өте қуаныштымын.
Бұл тек менің жеңісім емес, бүкіл құрама команданың жеңісі. Осы жолы жақсылап дайындалдық. Тек жаттығу жағынан емес, дәрігерлеріміз, массажистеріміз де жақсы көмектесті. Әр жекпе-жектен кейін тыңғылықты демалуыма көмектесіп отырды.
Міне, бұл менің қуанышымның көз жасы», - деді Назым финалдық жекпе-жектен кейін.
Айта кетейік, Назым Қызайбай 2014 және 2016 жылдары да әлем чемпионы атанған. Ол – сондай-ақ, 2022 жылы Азия чемпионы. 2024 жылы Париж Олимпиадасында қола жүлдегер атанды.