Ол 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионаттарында топ жарған болатын
Назым Қызайбай Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
48 келіде өнер көрсеткен қазақ боксшысы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасқан. Назым қарсыласынан үш раунд бойы басым болып, төрешілер нәтижесінде 5:0 есебін тіркеді.
Осылайша Назым Қызайбай әлемнің үш дүркін чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол 2014 жылы (Жежу) және 2016 жылы (Астана) осы жетістікке жеткен болатын.
Сондай-ақ, Назым Париж Олимпиадасының қола жүлдегері екенін де айта кету керек.
Еске салайық, Сербиядағы әлем чемпионатының финалына Қазақстанның бес боксшы қызы шықты.