«Странджа» турнирінде Санжар Тәшкенбай сынға түседі

Редактор
03.01.2024, 22:27

Аталған жарысқа ұлттық құраманың өзге де боксшылары аттанады

olympic.kz

Болгарияда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Странджа» турниріне Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары қатысады. Олардың қатарында бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.

Бокстан ұлттық құраманың бапкерлері бұл сынға 11 боксшы апаруды жоспарлап отыр. Оның ішінде Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Руслан Күзеубаев (60 кг),  Ерасыл Танкай (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Талғат Шәйкен (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Тұрсынбай Құлахмет (80 кг), Абзал Құттыбеков (86 кг) және Сағындық Тоғамбай (92 кг) сынға түседі.

Айта кететін жайт, аталған турнир ақпан айының 2-12 күндері өтеді.

Материалда: