Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Баходир Жалолов әуесқой боксқа қайта оралып, тағы бір Олимпиадаға бармақшы

Редактор
21.03.2025, 11:55

Бұған дейін ол әуесқой боксқа оралмайтынын арнайы мәлімдеген болатын

olympic.uz

Өзбекстанның даңқты боксшысы, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалолов кәсіпқойдан әуесқой боксқа қайта оралмақшы. Мұндай пікірін ол boxingnews.net сайтына берген сұхбатында айтты.

30 жастағы боксшы Токио және Париж олимпиадаларында топ жарған. Осыдан кейін ол біржола кәсіпқой бокспен айналысатынын ресми мәлімдеген еді. Енді бұл ойынан айнып, Олимп шыңын үш рет бағындырған боксшылардың қатарына қосылуды көздеп отыр.

Айта кету керек, Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы деген атаққа тарихта небәрі үш боксшы ғана қол жеткізген. Олар: венгр Ласло Папп (1948, 1952, 1956), қос кубалық Теофило Стивенсон (1972, 1976, 1980) мен Феликс Савон (1992, 1996, 2000).

«Алда не боларын әлі білмеймін, Лос-Анджелес Олимпиадасы жақындаған сәтте нақты шешім қабылдаймыз. Қазір кәсіпқой бокстағы мансабым туралы ғана ойлап отырмын. Бірақ, үш дүркін Олимпиада чемпионы деген атпен тарихта қалғым келеді», - деді Жалолов журналистпен болған әңгімеде.

Айта кетейік, өзбек боксшысы кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта 14 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның бәрінде нокаутпен жеңіске жетті. Енді келесі кездесуі 5 сәуірде Астанада өтеді. Қарсыласы – украиналық Игорь Шевадзуцкий (12-2, 10 KO).

Жарнама
Жарнама