Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстанның боксшы қыздары Азияда ең үздік құрама деп танылды

Редактор
21.03.2025, 12:16

Азияда Қазақстан, Солтүстік Корея (КХДР) және Қытай ғана алтын медаль жеңіп алды

Спортты дамыту дирекциясы

Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан Азия құрлығындағы ең үздік ұлттық федерация ретінде танылды. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясы мәлім етті.

Ништегі жарыста Азия елдері арасынан Қазақстан, Солтүстік Корея (КХДР) және Қытай ғана алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан үш бірдей алтын медаль еншілесе, КХДР мен Қытай бір-бірден чемпиондыққа қол жеткізді.

Қазақстандық Назым Қызайбай бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаттары тарихында өзінің үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды. Ал КХДР боксшысы Пан Чхоль Ми 2018 жылғы жеңісінен кейін екінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Таиланд пен Өзбекстанның да боксшылары финалға дейін жетіп, нәтижесінде күміс медаль иеленді. Вьетнам болса, бір қола жүлдемен медальдық есепте үздік шыққан алтыншы азиялық ел ретінде тіркелді.

Жарнама
Жарнама