Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Назым Қызайбай президентпен бірге Наурыз тойына қатысты

Редактор
21.03.2025, 13:30

Назым Қызайбай - бокс тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы

Ақорда

Үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай президентпен бірге наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шараның құрметті қонағы болды.

Астанада «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесіне арналған думанды кешке ұлттық киіммен келген белгілі спортшы көпшіліктің көзайымына айналды. Ол бұл жиында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олжас Бектеновтің ортасынан орын алды.

Естеріңізде болса, Назым Қызайбай 16 наурыз күні Серибияның Ниш қаласында аяқталған әлем біріншілігінде 48 келіде топ жарған еді. Ол бұл сындағы жетістігі үшін ІВА тарапынан 100 мың долларға ие болды.

Сонымен бірге, еліміздің бокс федерациясы чемпион атанған спортшыларға ақшалай сыйақы беретінін мәлімдеді. Ал мемлекет тарапынан әлем чемпионадарына 15 мың АҚШ доллары табысталады. 

Айта кетейік, Сербиядан еліміздің әйелдер құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Оның ішінде Назым Қызайбай еліміздің бокс тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы атанып отыр.

Жарнама
Жарнама