«Жәнібек ешқашан АҚШ-тан жанкүйер жинай алмайды»: журналист қазақ боксшысына ұсыныс айтты

Редактор
05.01.2024, 10:25

Әлімханұлы қазір орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы

AFP 2024

PunchoutBoxing журналисі Ра Хокум қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының 2024 жылғы қарсыластарына қатысты өз ұсынысын айтты деп жазады Sports.kz.

Есте болса, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы биыл тағы бір чемпиондық белбеуді қанжығасына байлауды көздейтінін айтқан болатын. Ол қазір орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

Хокум болса қазақ боксшысы мансабын АҚШ-та емес, Ұлыбританияда жалғастырса сәтті болады деп есептейді.

«Жәнібек Әлімханұлы Рамазан айына дейін кіші Крис Юбенкпен жұдырықтасуы керек. Содан кейін жазда «Сток Сити» стадионында Нэтан Хинимен жекпе-жек өткізеді. Осылай істесе дұрыс. Өйткені, Жәнібек АҚШ-та ешқашан жанкүйерлер базасын жинай алмайды», - деді журналист Twitter-парақшасында.