Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Нұрзат Оңғаров Әлем кубогінде өзбек боксшысынан ойсырай жеңілді

Редактор
02.04.2025, 09:23

Әзірге қазақстандық екі боксшы жеңіп, екеуі жеңілді 

Stadion.Uz

Бразилияда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінде Қазақстан ерлер құрамасының тағы бір өкілі жеңіліп қалды. Бұл жолы 50 кг салмақта өнер көрсеткен Нұрзат Оңғаров өзбек боксшысына есе жіберді.

Талғат жарысты 1/4 финалдан бастаған. Алғашқы жекпе-жекте ол өзбек Асилбек Жалиловтан 0:5 есебімен жеңілді.

Осылайша Әлем кубогіне барған Қазақстан ерлер құрамасының екі боксшысы жарыс жолынан шығып қалды. Бұған дейін 60 кг салмақта өнер көрсеткен Талғат Сырымбетов бразилиялық боксшыдан ойсырай жеңілген болатын.

Ал, аса ауыр салмақтағы Даниял Сапарбай кеше үндістандық Нарендераны 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Финалдық жолдаманы ол өзбек боксшысы Жахонгир Зокировпен сарапқа салады.

Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем кубогін World Boxing ұйымы өткізіп жатыр. Жарыстың екінші кезеңі 30 маусым – 7 шілде аралығында Астанада өтеді.

Жарнама
Жарнама