Иштван Бочкай мемориалына қатысатын Қазақстан боксшылары анықталды

Редактор
05.01.2024, 13:05

Қазақстан намысын 15 боксшы қорғайды

Qazaqstan dauiri

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары 15-21 қаңтар аралығында Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай мемориалына қатысады. Olympic.kz-тің жазуынша, 68-рет ұйымдастырылатын турнирден қазақстандық боксшылар тұрақты қатысуды көздеп отыр.  

Турнирге қатысатын отандық боксшылар тізімі төмендегідей: 

  • 48 келі: Асхат Жүсіпов
  • 51 келі: Даниял Сәбит
  • 54 келі: Кенже Мұратұлы
  • 54 келі: Самат Жетібаев
  • 57 келі: Асылжан Серікбай
  • 60 келі: Жексен Бейбарыс
  • 63,5 келі: Ертуған Зейнуллинов
  • 67 келі: Рахат Сейітжан
  • 71 келі: Сабыржан Ақхалықов
  • 75 келі: Диас Молжігітов
  • 80 келі: Ерасыл Жакпеков
  • 86 келі: Темірлан Мұқатаев
  • 92 келі: Данияр Рахымбердиев
  • +92 келі: Дамир Тойбай

Бұған дейін Болгарияда өтетін «Странджа» турниріне Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары есімі белгілі болды. Олардың қатарында бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бар.