Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Василий Жиров БАӘ-ден жұмыс тапты

Редактор
05.04.2025, 15:00

Ол енді бапкерлікпен айналысады

instagram.com/vassiliytigerjirov/

Бокстан Атланта олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой бокста IBF чемпиондық титулына ие болған белгілі экс-боксшы Василий Жиров Біріккен Араб Әмірліктерінен жұмыс тапқанын хабарлады.

Бұған дейін даңқты боксшы АҚШ-тан Қазақстанға келіп, туған жері Қарағанды облысында болған еді. Алайда, лайықты қызмет ала алмаса керек, Дубайға кетті.

«Әзірге Дубайдамыз. Жуық арада бір жылдық келісімшартқа қол қоямыз», — деді Жиров Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

Бұрынғы боксшы Дубайдағы Golden Boxing залында бапкер болып жұмыс істемек.

51 жастағы Жиров — бокстан Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы. Кәсіпқой бокста IBF және WBC International (38 жеңіс, үш жеңіліс, бір тең нәтиже) нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы.

Жарнама
Жарнама