Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы дебютін нокаутпен бастады (ВИДЕО)

Редактор
05.04.2025, 19:03

Оның бокс стиліне жанкүйерлер тәнті болды

Nomad Promotions

Қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

Астанада өткен бокс кешінде жартылай орта салмақтағы (69,9 келі) жерлесіміз чехиялық Йиржи Хаукемен (4-6, 2 КО) кездесті. Алты раундқа есептелген жекпе-жек үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Мұның алдында ол қарсыласын нокдаунға да жіберген.

Айқас барысында Төрехан тамаша техника көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Осылайша, Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ал Йиржи Хауке мансабындағы жетінші жеңілісіне ұшырады. 

Айта кетейік, әуесқойлар арасында Төрехан Сабырхан тарихи жетістікке жеткен: ол – Азия чемпионатында жасөспірімдер мен жастар арасында төрт мәрте чемпион атанған алғашқы спортшы.

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) кездеседі. 

Сонымен қатар, Төреханның туған ағасы Махмұд Сабырхан да кәсіпқой бокстағы дебютін жасайды. Ол вьетнамдық боксшымен күш сынасады.

Жарнама
Жарнама