Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Қазақты әлемге таныту – бақыт»: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге үндеу жолдады

Редактор
08.04.2025, 15:28

Ол бұған дейін де АҚШ-та тек қазақша сөйлейтінін айтып мақтанған болатын

Nomad Promotions

Астанада жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы көпшілікке үндеу жасады. Ол еліміздің атын әлемге таныту мүмкіндігіне ие болғанын үшін өзін бақытты санайтынын алға тартты.

«Өз елім, өз жерім, өз туым, өз әнұраным, өз тілім, өз ұлтым бар! Тәуелсіз мемлекетпіз! Бұл түсінгенге баға жетпес байлық! Қазақ ұлтын, қазақ елін әлемге таныту жолындағы әр ісім мен үшін бақыт», - деп жазды боксшы.

Естеріңізде болса, 5 сәуірде Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Жәнібек Әлімханұлы франциялық Ануэль Нгамиссенгемен кездесіп, өзінің IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарын қорғаған болатын. Жекпе-жек барысында Жәнібек бесінші раундта Нгамиссенгені ауыр соққыларымен нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Сондай-ақ, Жәнібек Әлімханұлы алдағы уақытта супер орта салмаққа ауысып, Сауль «Канело» Альвареспен кездесу өткізуге дайын екенін айтқан еді.

Жарнама
Жарнама