Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бокстағы «қазақ стилі» жоғалған – Бақыт Сәрсекбаев

Редактор
08.04.2025, 14:27

Ол қазір ұлттық құраманың жанында жастармен бірге жұмыс істеп жатыр

Фото әлеуметтік желіден

2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазақ стилінің жоғалуын отандық бокстағы басты проблема деп атады. Ол бұған дейін Париж Олимпиадасынан кейін де ұлттық құрама боксшыларын дәл осылай сынаған еді.

«Бокстағы «қазақ стилі» жоғалып кетті деп ойлаймын. Біз бұрын жұдырықтасқан кезде бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста болатынбыз. Қазіргі ұрпақ мүлде басқаша. Біз оларға бір жерде қатып тұрып, әрі-бері қозғалуды үйретіп жатырмыз. Олар алдыңғы қолмен ойнауды да ұмытқан. Кідіріс көп. Қақиып тұрады да, қорғануға ғана көңіл бөледі. Бұрын бізде ондай болмайтын, қарсыласымызды психологиялық тепе-теңдіктен шығаруға тырысатынбыз. Себебі қарсылас бір-екі соққысы дәл тимегенін сезсе, ол өз-өзіне деген сенімділігін жоғалта бастайды», - деді былғары қолғап шебері «Дядя Ваня» телеграм-каналына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев Бейжің Олимпиадасында 69 келіде өнер көрсетіп, чемпион атанған. Сондай-ақ, әлем чемпионатында, Азия чемпионатында топ жарған.

Жарнама
Жарнама