Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Қайтыс болған қызыма арнаймын»: жеңіске жеткен өзбек боксшысы рингте жылап қалды (ВИДЕО)

Редактор
13.04.2025, 13:13

Ол Рио Олимпиадасының финалында қазақ боксшысына есе жіберген болатын

gazeta.uz

Кәсіпқой бокстан жартылай орта салмақта өнер көрсететін өзбекстандық Шахрам Гиясов (17-0, 10 КО) кезекті жеңісіне қол жеткізді. Атлантик-Ситиде (АҚШ) өткен бокс кешінде ол аргентиналық Франко Максимилиано Окампоны (17-3, 8 КО) нокаутпен жеңді.

Он раундқа жоспарланған жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. Гиясовтың іштен ұрған соққысынан кейін аргентиналық боксшы есеңгіреп, кездесуді тоқтатуға мәжбүр болған.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Шахрам бұл жеңісін биыл наурыз айында шетінеп кеткен 2 жасар қызына арнайтынын айтып, көз жасына ерік берді.

«Бұл жекпе-жек менің қызыма арналады. Бұл жеңіс менің қызым үшін. Мен оған әлем чемпионы боламын деп уәде бергенмін», - деді өзбек боксшысы.

Осылайша Шахрам Гиясов кәсіпқой бокстағы 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ал, оның қарсыласы Окампо болса үшінші рет жеңіліп отыр. Ол да кәсіпқой рингте 17 жеңіске жеткен.

Еске салайық, Шахрам Гиясов Рио Олимпиадасында (2016) күміс жүлдегер атанған. Финалдық жекпе-жекте ол қазақ боксшысы Данияр Елеусіновтен жеңілген болатын.

Жарнама
Жарнама