Әлімханұлы «Канелоны» жекпе-жекке шақырған
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде белбеулерін сәтті қорғағаннан кейін, енді титулдарды біріктіруге ұмтылады. Бұл туралы BBC Sport журналисі Бобби Джексон жазды.
5 сәуір күні Астанада «Қазақ стилі» француз үміткері Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсірді.
"Әлімханұлы биылғы жылдың соңына қарай орта салмақтағы белбеулер жиынтығын толықтырғысы келеді. Оның көздеп отырған қарсыластары – WBC чемпионы Карлос Адамес және WBA чемпионы Эрисланди Лара", – деп жазды автор.
Сондай-ақ соңғы уақытта Жәнібек Әлімханұлы төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетіні де айтылды.
Айта кетейік, Нгамиссенгемен болған жекпе-жектен кейін Әлімханұлы «Канелоны» жекпе-жекке шақырған болатын.