Боксшы Санжар Тәшкенбай әке атанды

Редактор
14.04.2025, 19:57

Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Аяулым есімді арумен шаңырақ көтерген

Әлеыметтік желі

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың тұңғышы дүниеге келді.

Қуанышты жаңалықты ұлттық құраманың өкілі Қайрат Ернұр Instagram парақшасында жазды.

«Әке атануыңмен, @tashkenbay_sanzhar!» – деп жазды спортшы өз жазбасында.

Белгілі болғандай, Санжардың тұңғышы – ұл бала, есімі – Омар.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Аяулым есімді арумен шаңырақ көтерген.

Санжар бар-жоғы 19 жасында бокстан әлем чемпионы атанған еді. Ташкентте өткен аламанда ол қарсылас шақ келтірмеді.

Материалда: