Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ангелина Лукас Қазақстан азаматтығынан бас тартуға қатысты соңғы сөзін айтты

Редактор
17.04.2025, 17:14

Қазіргі уақытта ол Египеттің Каир қаласында жүр

Жеке мұрағат

Ангелина Лукас азаматтықтан бас тарту туралы қауесетке пікір білдірді.

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Instagram парақшасында видеоүндеу жариялап, соңғы күндері тараған азаматтық ауыстыру туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

«Соңғы бірнеше күн бойы мен туралы түрлі қауесеттер тарап жүр. Бұл бәрі БАҚ-тан, мен өзім де таң қалған «Ангелина Лукас басқа елді таңдады, өз елін тастап кетті» деген сияқты тақырыптардан басталды. Мен ешқандай ел ауыстырған жоқпын, ешқайда көшіп кеткем жоқ. Мен тек жаттығу жиындарына барып, өзге боксшылармен тәжірибе алмасып жүрмін», – деді спортшы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ол Египеттің Каир қаласында оқу-жаттығу жиынында жүр.

«Қандай жағдай болмасын, мен әрдайым патриотпын. Қиындықтарға қарамастан, Қазақстанның туын көтеріп, оны абыроймен алып жүру – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл менің сүйікті елім, мен жанкүйерлерім үшін күресіп жүрмін. Сонымен қатар, мақсатым – еліміздің спорт саласына өз үлесімді қосу», – деп мәлімдеді Лукас.

Боксшының айтуынша, 1 маусымда ол әлем чемпионы атағын қорғауға дайындалып жатыр.

Жарнама
Жарнама