Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Казақ Титаны» әлем чемпионы атанды: Алмат Жұманов Колумбиядан екі белбеумен оралды

Редактор
17.04.2025, 15:56

Отандасымыз екі апта ішінде екі кәсіби жекпе-жек өткізді

Жеке мұрағат

Танымал қазақстандық боксшы әрі жалаң жұдырық жекпе-жегінің өкілі Алмат Жұманов (бокста — 6-0, жалаң жұдырықта — 1-0) SauBall YouTube арнасына эксклюзивті сұхбат беріп, Колумбияда өткен UBC нұсқасы бойынша әлем чемпиондығы үшін өткен айқасына тоқталды.

Алмат Жұманов Колумбияның Кукута қаласында екі апта ішінде екі кәсіби жекпе-жек өткізді. Алдымен ол эквадорлық Марио Минуды (8-6-2, 4 КО) жеңсе, кейін тәжірибелі колумбиялық Милтон Нуньестен (41-36-1, 33 КО) мерзімінен бұрын басым түсті.

«Колумбиядан кеше ғана оралдым. Әлем чемпионы атандым, титулымды қорғадым, екі белбеумен елге келдім. Қарсыласым Милтон Нуньес болды. Ол бұған дейін Геннадий Головкин және Жәнібек Әлімханұлы секілді ағаларымызбен бір шаршы алаңға шыққан боксшы. Ұйым маған осы титулға лайық қарсылас ретінде Нуньесті ұсынды. Мен ештеңені ойлаған жоқпын, қарсылас таңдамадым», – дейді Жұманов.

Оның сөзінше, алғашқы қарсыласы бірнеше сағат қалғанда айқастан бас тартқан.

«Алғашқы қарсыласым жекпе-жекке бес сағат қалғанда бас тартты. Мен ол кезде белбеуімді қорғауым керек еді. Бес сағат қалғанда денсаулығына байланысты шығудан бас тартты деген хабар келді. Бұл шын ба, өтірік пе – білмеймін. Ешкім не болғанын түсіне алмады. Ал екінші жекпе-жекте маған қарсылас ретінде Нуньес берілді. Мен оны бірінші раундтың 59-секундында нокаутқа түсіріп, Қазақстанға чемпиондық белбеуді алып келдім», – деп толықтырды боксшы.

Айта кетейік, 45 жастағы Милтон Нуньес 2010 жылы тамызда Панамада Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан. Сол кезде GGG оны небәрі 58 секундта нокаутқа түсірген еді — бұл Алмат Жұмановпен болған жекпе-жек уақытымен шамалас.

Сондай-ақ 2016 жылдың қазанында Милтон Алматыға келіп, Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы дебютінде қарсылас болды. Сол кездесуде қазақстандық боксшы бірінші раундтың үшінші минутында техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Естеріңізге сала кетейік, 27 жастағы Алмат Жұманов — Қазақстанның жалаң жұдырық жекпе-жегі бойынша BKFC лигасындағы жалғыз өкілі. Бұл лиганың тең иесі — әйгілі ММА жұлдызы Конор Макгрегор.

Жарнама
Жарнама