Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Геннадий Головкинге тағы бір жаңа атақ берілді

Редактор
18.04.2025, 09:40

Бұл атақ оның Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріліп отыр

olympic.kz

Даңқты боксшы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин жаңа атақ алды. Ол – енді Алматыдағы КИМЭП университетінің құрметті докторы.

Головкин аталған университетке барып, студенттерімен кездескен болатын. Ол жастарға өзінің тәжірибесін спорттағы тәжірибесін, қазіргі қызметінің ерекшеліктері туралы айтты. Сонымен қатар, ҰОК президенті халықаралық қатынастардың дамуы, спорттық бастамаларды ілгерілету және елдің халықаралық деңгейдегі имиджін нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндады.

Кездесу аясында Геннадий Головкинге КИМЭП университетінің Құрметті докторы атағы ресми түрде табысталды. Бұл атақ оның Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріліп отыр.

Халықаралық академиялық тәжірибеде мұндай құрметті дәреже қоғам, мәдениет және халықаралық байланыстардың дамуына айрықша ықпал еткен ерекше еңбегі үшін табысталады.

Жарнама
Жарнама