Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Санжар Тәшкенбайдың көлік жылдамдығын шамадан тыс асырғаны желіде резонанс тудырды (ВИДЕО)

Редактор
18.04.2025, 11:34

Желі қолданушылары боксшыдан өзінің және өзгенің өміріне сақтықпен қарауды сұраған

Фото әлеуметтік желіден

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың көлік жылдамдығын шамадан тыс асырып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Әлеуметтік желіде бокстан Қазақстан құрамасының өкілдері Түркістан облысында болғаны туралы видеоролик тараған. Онда Санжар Тәшкенбайдың жол талғамайтын көлікті тізгіндеп, оның жылдамдығын 176 км/сағ. дейін жеткізгенін анық байқауға болады. Ал, Қазақстан жолдарындағы максималды рұқсат етілген жылдамдық – 110 және 120 км/сағ.

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзінің Instagram-парақшасында боксшыларды «жерге түсуге» шақырған. Және мұндай әрекет боксшылардың өздеріне де, жолдағы өзге жолаушылардың да өміріне қауіпті екенін ескерткен.

«Жігіттер, иә чемпионсыңдар. Халық та соны бағалап, аузынан жырып барын беріп жатыр. Бірақ, сый-құрметті көтере білу керек. Қарапайым адамдар жылдамдықты алпыстан асырса айыппұл арқалап, төлей алмай қиналады. Ал, мына жерде - 174! Екіншіден, қауіпсіздік. Жолда небір жағдай болады. Құдай сақтасын, әрине. Өздеріңді де, өзгені де қауіпке тікпеңдер. Сәл жерге түсіңдер. Керісінше, көпке үлгі болуларың керек», - деп жазды А.Қаженов әлеуметтік желіде.

Жазба астына пікір жазған желі қолданушыларының көбі боксшының әрекетін сынап, марқұм Бекзат Саттархановтың оқиғасын еске салды.

Жарнама
Жарнама