Мұхамедсабыр қарсыласын екі рет ауыр нокдаунға түсірді
Ресейдің Хабаровск аймағында Коротковты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирде қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға шықты. Отандасымыз белорус боксшысы Даниил Титкодан басым түсті.
Кездесу барысында Мұхамедсабыр қарсыласын екі рет ауыр нокдаунға түсірді. Сол сәтте төреші жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатып, жеңісті жерлесімізге берді.
Аталған турнирде Сәкен Бибосынов өзбекстандық Дусматовты жеңіп финалға шыққан болатын. Сондай-ақ, әйелдер арасында 66 келіде қос Қазақстан боксшылары Ұлдана Таубай және Римма Волосенко (60 келі) финалға шықты.
15–19 сәуір аралығында жалғасатын Хабаровск қаласында Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске алуға арналған XVI халықаралық бокс турниріне Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Корея, Куба, Ирак, Тунис, Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Грузия, КХДР, Сенегал және Конго секілді 16 елден 150-ден астам спортшы қатысып жатыр.