Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Даңқты Сергей Ковалев мансабындағы соңғы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Редактор
19.04.2025, 02:38

Ол мансабында 41 жекпе-жек өткізіп, 35-де жеңіске жеткен (29-ы нокаутпен)

Getty Images

42 жастағы ресейлік даңқты кәсіпқой боксшы Сергей Ковалев спорттағы мансабын аяқтады. Соңғы жекпе-жегін ол өзінің үйреншікті жартылай орта салмағында өткізіп, неміс боксшысы Артур Маннды нокаутпен жеңді.

Кәсіпқой бокс кеші Ресейдің Челябинск қаласында өтті және оны IBA ұйымы ұйымдастырды. Ал, бәске IBA Intercontinental белбеуі тігілді.

Он раундқа жоспарланған жекпе-жек жетінші раундта орыс боксшысының техникалық нокаутымен аяқталды. Бірінші раундта бір рет нокдаун алған Манн жетіншінің басында да соққылар сериясын жіберіп алып, төреші екінші рет есеп ашты. Мұнан кейін неміс боксшысының бапкерлері ақ сүлгі лақтырып, жекпе-жекті тоқтатуды сұрады.

Айта кетейік, Сергей Ковалев өз уақытында WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған. 2019 жылы ол даңқты мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасып, 11-раундта ауыр нокаут алды.

Жарнама
Жарнама