Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ағайынды Сабырхандарға әйгілі Амир Ханның өзі хабарласып, жекпе-жекке шығуын сұраған

Редактор
Бүгін, 00:37

Ағайынды екеуі де кәсіпқой бокстағы дебютін нокаутпен аяқтады

Амир Хан. Фото: Getty Images

5 сәуірде Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандар жұдырықтасқан болатын. Кәсіпқой бокстағы дебютінде екеуі де нокаутпен жеңіске жетіп, өздерінің үлкен аренаға дайын екендіктерін де көрсетті.

«Бірінші бол» YouTube-каналына сұхбат берген боксшылар кәсіпқой рингке шақырту қайдан түскенін айтып берді. Ағайынды Сабырхандарға Англияның даңқты боксшысы болған Амир Ханның өзі хабарласып ұсыныс айтқан екен.

«Бізге алғашында Сэм Катковски жазды (бокс менеджері). Мән берген жоқпыз. Поштаға жазды, Instagram-ға жазды, біз жауап жазбадық. Бір кезде Амир Хан жазды, кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасасыңдар ма деп сұрады. Біз ұсынысыңызды жіберіңіз, танысайық деп жауап бердік. Сол кезде ол бізге біреудің телефон номерын берді, осы адам сендерге хабарласады деді. Сөйтсек, алдын жазып жүрген Сэм Катковски екен. Сөйлесіп, бәрін сол кісімен келісіп алдық», - деді Махмұд Сабырхан.

Махмұд келісім бойынша филиппиндік тәжірибелі боксшымен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда, турнирге 20 күн қалғанда қарсыластың Астанаға келмейтіні анықталыпты. Ұйымдастырушылар оны колумбиялықпен алмастырған. Алайда, бір апта қалғанда оның да келе алмайтыны айтылды. Шұғыл қарсылас іздеу жұмыстарының нәтижесінде Вьетнам өкілі Данг Дак Хайнх келісімін беріп, Астанаға келді. Махмұд Сабырхан оны екінші раундта ұрып құлатты.

Ал, Төрехан Сабырхан болса чехиялық Йиржи Хаукені үшінші раундта нокаутпен жеңді.

Еске салайық, Амир Хан Англия боксының жарық жұлдызы. Ол Афины Олимпиадасының жартылай финалында қазақ Серік Елеуовті жеңіп, финалда даңқты кубалық боксшы Марио Кинделаннан жеңілді. Кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 34-де жеңіске жеткен (21 нокаут). WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған.

Жарнама
Жарнама