Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Ангелина Лукас әлемдік рейтингте көтеріліп, «абсолюттік» чемпионға басты үміткер атанды

21.04.2025, 09:35

Бұл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы – америкалық Габриэла Фундора

instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 КО) Boxrec.com сайтының рейтингіндегі позициясын жақсартты.

Лукас жеңіл салмақ бойынша әлемдік рейтингте үшінші орыннан екінші орынға көтерілді. Осылайша Лукас осы салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке басты үміткер атанды.

23 жастағы америкалық Габриэла Фундора (15-0, 7 КО) – жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы. Ол – WBA, WBC, WBO және IBF белбеулерінің иегері. Алдағы уақытта Лукас Фундорамен жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылуда.

Айта кетейік, Ангелина Лукас кәсіпқой мансабында барлығы 15 жекпе-жек өткізіп, 14 жеңіске жеткен. Жеті жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаса, бір кездесуде жеңілген болатын.

Жарнама
Жарнама