Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Құрамаға келгенде таза жүру, режимді сақтауды Абылайхан Жүсіповтен үйрендік - Сабырхан

Редактор
21.04.2025, 18:13

Боксшы таза жүруді үйренген сәтін еске алды

ҰОК

Махмұд Сабырхан тазалық пен тәртіпті ардагер боксшы Абылайхан Жүсіповтен үйренгенін айтты. Оның сөзінше, Абылайхан қолы босай қалса кітап оқығанды жөн көреді екен. Бұл туралы Махмұд «Бірінші бол» YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.

«Құрамаға 17 жасымда келдім. «Елорда каптың» финалында Сәкен Бибосыновтан ұтылдым. Сол кезде бас бапкер Ғалым ағай мені ұлттық құрамаға шақырды. Абылайхан Жүсіповпен бір бөлмеге түстім. Бірінші күні телефон қарап жатқанбыз, сағат түнгі онда Абылайхан ағамыз телефонын сөндірді де, ұйықтап қалды. Ал мен ойынымды аяқтамаған едім, сонда да телефонды жаныма қойып қойдым. Сол ағамыздың арқасында көп нәрсе үйрендім. Тәртіп дегеннің не екенін түсіндім. Өйткені ол қолы босаса, кітап оқитын, өте білімді, жан-жақты жігіт. Жастар арасында киімізді шашып жүре беретінбіз. Киімді жумаймыз да.

Жаттығуға киген киімізді ертеңіне қайта киіп кете беретінбіз. Ал Абылайхан тазалыққа ерекше мән береді. Таңғы жаттығудан келген соң киімдерін «Ленормен» шайып қояды, түстен кейін басқа киімін киеді. Бір күні киімім сасып жатыр екен, Абылайхан ағам «киімін жумаған кім?» деді. Қатты ұялдым, жүгіріп барып жинап алдым да, жақсылап жуып қойдым. Бірнеше күннің ішінде тазалыққа үйретті. Міне, содан бері ұқыпты жүрудің не екенін білдік. Таңертең төсекті жинап кететін болдық. Себебі ол күнделікті төсегін тап-тұйнақтай қылып жинап кетеді», - деді Махмұд.

Жарнама
Жарнама