Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жәнібектің чемпион атануына атасының жаттығуы әсер етті – боксшының әжесі

Редактор
Бүгін, 10:18

Жәнібек Әлімханұлы жастайынан атасының қатаң тәрбиесі мен ерекше әдістерінің арқасында шыныққан

instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының әжесі әйгілі боксшының бала күніндегі дайындықтары мен атасының рөлі туралы айтып берді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Әжесінің айтуынша, Жәнібек жастайынан атасының қатаң тәрбиесі мен ерекше әдістерінің арқасында шыныққан.  

«Оның атасы ескі аккумуляторлардан қорғасын ерітіп, одан жүк жасап, аяғына байлайтын. Жәнібекке жаным ашып «Қойсаңшы, баланың жасы алтыда ғана ғой» деп ұрысатынмын. Ол болса «Сен не білесің? Ол боксшы болғысы келеді, ал боксшының аяғы мықты болуы керек, сонда ғана жеңіске жетеді» деп жауап беретін», - дейді чемпионның әжесі.

Бүгінде боксшының атасы өмірден өткен. Бірақ Жәнібек әр жекпе-жектен кейін әжесіне хабарласып, пікірін сұрап тұрады.

«Телефон шалып «Жекпе-жек ұнады ма?» деп сұрайды. Мен «Жарайсың, қазақша сөйлегеніңе риза болдым. Туған жеріңді ұмытпа. Жыланды — киелі мекен, сенен бұрын да бұл жерден ұлы адамдар шыққан», деп айтып отырамын», -  деп бөлісті әжесі.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы — Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылының тумасы.

 

Жарнама
Жарнама

Материалда: