Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық боксшы Армат Арманұлы Таиландта кезекті жекпе-жегін өткізеді

Редактор
23.04.2025, 15:06

Бұған дейін ол пәкстандық боксшыны нокаутпен жеңген

Irfin Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Армат Арманұлының (2-1, 1 KO) келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды.

Отандық Irfin Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, Армат 3 мамыр күні Бангкокта (Таиланд) өтетін бокс кешінің қатысушыларының бірі болады. Оның қарсыласы – үндістандық спортшы Рахул Сингх (10-1, 5 KO). Бұл рейтингтік жекпе-жек орта салмақта өтеді.

Кәсіби бокс кешті Irfin Promotions пен Таиландтық TL Promotion промоутерлік компаниялары бірлесіп өткізеді.

Армат Арманұлының алдыңғы жекпе-жегі де 1 ақпан күні Бангкокта өткен. Ол жекпе-жекте пәкістандық Хабиб Ур Рехманды (6-2, 5 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Аталған бокс кешін qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсету жоспарланып отыр.

Жарнама
Жарнама