Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Кеңес Рақышев Головкин мен Әлімханұлының кездесуіне себепкер болды

Редактор
24.04.2025, 09:53

Рақышевтың өзі де Бокс федерациясын ұзақ уақыт басқарды

Instagram/janibek_alimkhanuly

Астанада даңқты боксшылар Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы кездесті. Олардың жүздесуіне Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Кеңес Рақышев себепші болған.

Бұл туралы олигарх өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін кәсіпқой бокстың әлемдік аңызы, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин мен WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жүздесуіне себепкер болдым. Бұл кездесу мен үшін тек таныстық қана емес, ұрпақтар сабақтастығының, спорттағы ірілік пен ізгіліктің көрінісі болды. Бірі — талай жанкүйердің жүрегінде аңызға айналған тұлға, екіншісі — үлкен аренада ел үмітін арқалап жүрген жаңа толқынның жарқын өкілі», - дейді Кеңес Рақышев.

Оның айтуынша, әр буынның чемпиондары бір-біріне деген құрметін танытқан.

«Геннадий Геннадьевич Жәнібекке мол тәжірибесімен бөлісіп, спорт жолында табыс тіледі. Өз тарапымнан талантты Жәнібек Әлімханұлының әлемдік шыңдарды бағындыруында қолдауымды көрсететін боламын», - дейді бизнесмен.

Еске салайық, Кеңес Рақышевтің өзі де Қазақстан бокс федерациясын ұзақ жыл басқарған. Алайда, Қаңтар оқиғасынан кейінгі ауыс-түйістердің ықпалы тисе керек, ол аталған қызметінен алынды.

Жарнама
Жарнама