Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бокстан жасөспірімдер арасыдағы Азия чемпионатының финалына 31 қазақ шықты

Редактор
29.04.2025, 10:09

Өзбекстан құрамасынан 30 боксшы ақтық сынға шығып отыр

Қазақстан бокс федерациясы

Амманда (Иордания) бокстан 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың финалына Қазақстан құрамасының 31 боксшысы шыққан. Бұл командалар арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Өзбек боксшыларының да қарымы жаман емес, Өзбекстан құрамасының 30 жасөспірімі ақтық сында алтын үшін таласады. Ал, үшінші орында – Үндістан, бұл елдің 21 боксшысы финалда.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 29-30 сәуір күндері өтеді. Жарысты әдеттегідей IBA емес, бұл жолы World Boxing ұйымы ұйымдастырған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама