Ол шымыр спортшыдан нәзік аруға айналып шыға келді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 KO) стилін өзгертті. Жаңа шаш және киім үлгісімен Алматыны аралаған видеосымен ол Instagram-парақшасында бөлісті.
«Ешкім мені боксшы деп ойламауы үшін осындай образ таңдадым», - деп жазған спортшы.
Желідегілер оның сұлулығына тамсанып, жылы сөздерін аямай жазған.
Еске салсақ, 28 жастағы боксшы 1 маусымда әлем чемпионы атағын қорғауға дайындалып жатыр.
Бұған дейін Ангелина аса жеңіл салмақта 12-орында тұрған, бұл жолы ол үшінші орыннан бір-ақ шықты. Өйткені, жыл басынан бері екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Сөйтіп осы салмақ дәрежесіндегі абсолютті чемпиондық белбеу үшін басты үміткер атанды.