Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Канелоға» Головкинмен төртінші жекпе-жек өткізуге ұсыныс түсті

Редактор
30.04.2025, 16:20

Тізімде Дмитрий Бивол да бар

Getty Images

Мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альварестің (62-2-2, 39 КО) жанкүйерлері оның келесі қарсыластарының тізімін жасады. Фанаттардың көбі Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) төртінші жекпе-жекті көргісі келетінін айтқан.

Айта кетейік, 4 мамырға қараған түні Сауль Альварес кезекті жекпе-жегін өткізіп, әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін таласады. Оның қарсыласы – IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы кубалық Уильям Скулл (23-0, 9 KO). Алайда, мексикалықтың фанаттары оның мықтырақ боксшылармен жұдырықтасқанын талап етіп отыр.

«Жанкүйерлер Канелоның Дэвид Бенавидеспен, Дмитрий Биволмен немесе Геннадий Головкинмен жұдырықтасуын қалап отыр. Бірақ, Сауль Альварес бұлардың ешбірін таңдамай, кубалықпен жұдырықтасуды жөн көрген», - деп жазады bolavip.com сайты.

Америкалық Дэвид Бенавидес (30-0, 24 КО) жартылай ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Бұл белбеуді ол Дмитрий Биволдан (24-1, 12 КО) жекпе-жексіз алып қойған.

Дмитрий Бивол болса Канелоны жеңген екі боксшының бірі (екіншісі – Флойд Мэйвезер). Мексикалық онымен реванш өткізуді бұрыннан жоспарлап жүр.

Ал, Головкин мен Альварес арасында үш жекпе-жек өтті. Оның біріншісі тең аяқталса, қалған екеуінде Сауль Альварес жеңіске жеткен.

Жарнама
Жарнама