Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан командасы Өзбекстанды озып, бірінші орын алды

Редактор
30.04.2025, 23:52

Өзбекстан – екінші, Үндістан үшінші орынға тұрақтады

Қазақстан бокс федерациясы

Иордания астанасы Амманда бокстан U15 және U17 жас санатындағы боксшылар арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 16 алтын медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

17 жасқа дейінгі ерлер құрамасы барлығы 5 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль еншілесе, қыздар құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.

U17 ерлер:

I орын

  • 46 келі. Жұмағали Нұрмахан
  • 52 келі. Темірали Темірбаев
  • 54 келі. Досжан Жұмахан
  • 75 келі. Санжар Матасов
  • 80 келі. Мұхамедали Рүстембек

II орын

  • 50 келі. Халиф Расул

III орын

  • 48 келі. Рүстем Сапархан
  • 60 келі. Анвар Идрисов
  • 66 келі. Даниял Шалқарбай

U17 қыздар:

I орын

  • 52 келі. Марал Толепберген
  • 63 келі. Аяулым Оспанова
  • 66 келі. Диляра Тұрсынбек
  • 70 келі. Камила Оспанова
  • 75 келі. Диана Надырбек

II орын

  • 80 келі. Фариза Тажибаева

III орын

  • 46 келі. Шұғыла Жарас
  • 48 келі. Лашын Даулетжан
  • 54 келі. Балым Ғабитқызы
  • 57 келі. Индира Қыдырмолдаева
  • 60 келі. Айдана Әбдікерім
  • +80 келі. Елнура Қоңырат

U15 санатындағы ерлер құрамасы да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 4 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Қыздар құрамасы 2 алтын 8 күміс және 3 қола жүлдеге қол жеткізген.

U15 ерлер:

I орын

  • 33 келі. Дамир Джаншиликов
  • 49 келі. Шыңғыс Ахметов
  • 55 кг Нұрбақыт Төрегелді
  • +70 келі. Нұрислам Ташмағанбетов

II орын

  • 37 келі. Жақып Біржан
  • 40 келі. Қуаныш Халимбет
  • 58 келі. Жандос Қалқанов
  • 67 келі. Нұрасыл Хасан
  • 70 келі. Темірлан Казыев

III орын

  • 64 келі. Мейіржан Шәді

U15 қыздар:

I орын

  • 64 келі. Ақерке Далабай
  • 70 келі. Жансая Ержан

II орын

  • 33 келі. Айару Оңғарбек
  • 35 келі. Әнел Ордабек
  • 40 келі. Томирис Сатыбалды
  • 46 келі. Медина Абылқасым
  • 55 келі. Мадина Сапар
  • 61 келі. Айлин Ходжамбердиева
  • 67 келі. Зиада Сүйеналы
  • +70 келі. Перизат Мәлік

III орын

  • 37 келі. Дана Оразбекқызы
  • 52 келі. Айару Файзуллаева
  • 58 келі. Ясмин Джаутханова

Айта кетейік, командалық есепте Өзбекстан құрамасы 15 алтын медальмен екінші орын иеленсе, тағы 15 алтынмен Үндістан (күміс медальдар саны аз) үшінші орынға табан тіреді.

Ал, жарыстың үздік боксшысы атағы қазақстандық Досжан Жұмаханға (54 кг) берілді.

Жарнама
Жарнама