Қазақ боксшысы доминикалық Карлос Адамеспен жұдырықтасқысы келеді
Орта салмақтағы америкалық боксшы Джахай Такер (14-1-1, 6 КО) өз салмағындағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.
— Мен Жәнібекпен 24-25 жасқа толмай тұрып жұдырықтасқым келеді. Мен оның еліне барып, белбеулерін тартып алып, үйіме қайтамын, — деді 22 жастағы Такер Tha Boxing Voice басылымына берген сұхбатында.
Джахай Такер соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Лас-Вегаста өткізіп, онда төрешілердің ортақ шешімімен британиялық Трой Уильямсонды (20-4-1, 14 КО) жеңді. Ал Жәнібек Әлімханұлы дәл сол күні Астанада рингке шығып, француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғады.
Әлімханұлы қазіргі таңда доминикалық Карлос Адаместі құрығына түсіре алмай жүр. Ол осы салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы.