Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Головкиннің алғашқы бапкері өмірден өтті

Редактор
02.05.2025, 17:55

ҰОК басшысы: Виктор Дмитриев Қазақстандағы бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосты

Қарағанды бокс федерациясы

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Дмитриевтің отбасына көңіл айтты.

Айта кетейік, Дмитриев – Головкиннің алғашқы бапкері.

«Ұлттық олимпиада комитеті ұжымының атынан және жеке өз атымнан орны толмас ауыр қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамын.

Бұл – бүкіл спорт қауымдастығы үшін ғана емес, оның шәкірті ретінде мен үшін де ауыр қаза. Виктор Константинович тек үздік жаттықтырушы ғана емес, нағыз тәлімгер, ұстаз, үлгі болатын жан еді.

Оның спортқа деген адалдығы, кәсібилігі және әрбір спортшыға ерекше көзқараспен қарай білуі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ол Қазақстандағы бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосып, тұтас бір дарынды спортшылар буынын тәрбиелеп шығарды.

Орын толмас ауыр қазаға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады», - делінген көңіл айту жеделхатында.

Жарнама
Жарнама