Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Баходир Жалолов мықтылармен кездескен емес – әзербайжандық боксшы

Редактор
02.05.2025, 23:51

Әзербайжан боксшысы Қазақстанда туып, бокс мектебін Ақтөбеде үйренген

olympic.uz

Танымал әзербайжандық боксшы Камран Шахсуварлы azerisport.com сайтына берген сұхбатында қазіргі Әзербайжан құрамасы мен 2016 жылғы Олимпиададағы «армандар құрамасымен» салыстырып, бұрынғы құрамдағы ерекше атмосфераны еске алды және қазіргі әлемдік бокстың деңгейіне қатысты пікірін білдірді.

Сондай-ақ Шахсуварлы Өзбекстанның алыбы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Жалолов шын мықтылармен кездеспегенін алға тартты. Оның сөзінше, Магомедрасул Меджидов пен Энтони Джошуа сынды мықтылар әуесқой бокста жүргенде, Жалолов дәл мұндай табысқа жетпеуші еді.

— Мен қазіргі құрамда да болдым, бірақ ол кезең мүлде бөлек еді. Ол кезде спортшылар арасында ауызбіршілік болды, бәрі бір-бірін шынайы қолдады. Қазіргі құрамда ондай байқалмайды – әркім өз әлемінде өмір сүріп жүр. Бәрінің деңгейі шамалас. Жалпы, қазіргі әлемдік әуесқой бокста ерекше жоғары деңгейімен не айқын стилімен көзге түсетін боксшылар жоқтың қасы. Әрине, 2-3 ерекше жағдайды атауға болады, бірақ боксшылардың басым бөлігінің деңгейі бірдей.

Әлі есімде, өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов жас кезінде біздің үш дүркін әлем чемпионы Магомедрасул Меджидовпен тіпті спаррингке шыққысы келмейтін. Иә, Жалолов – өз кезеңі үшін жоғары деңгейдегі боксшы, бірақ ол Меджидов немесе Олимпиада және кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы Энтони Джошуа сынды спортшылармен бір дәуірде өнер көрсеткенде, дәл қазіргі жетістіктеріне жете алмас еді деп ойлаймын, – деді Камран Шахсуварлы.


Камран Шахсуварлы

Еске салайық, Камран Шахсуварлы Қазақстанда дүниеге келіп, бокстағы қадамын Ақтөбеде бастаған. Алайда қазақстандық спорт функционерлері мен демеушілер тарапынан қолдау болмағандықтан, 2013 жылы Әзербайжан азаматтығын алуды жөн көрді.

Жарнама
Жарнама