Төрешілердің шешімі әр түрлі болып, ақыры тең нәтиже тіркелді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (лақап аты – «Қазақ жауынгері») өзінің 23-ші жекпе-жегін өткізіп, Азия чемпионы атағын сақтап қалды.
Бокс кеші Тайланд астанасы Бангкокта өтті. Жерлесімізге Намибияның жеңіліп көрмеген бокашысы Филлемон Нгутенанье қарсылас атанды.
Жекпе-жек он раундқа жоспарланған және соңына дейін аса шиеленісті өтті. Үш төрешінің екеуі тең нәтиже тіркесе (95-95), біреуі намибиялық боксшыны алға шығарды (91-99). Бастапқыда ринг-анонсер Елшаттың жеңісін жариялап артынан қателікті түзетіп, ресми тең есеп деп жарияланды.
Нәтижесінде, Қазақ жауынгері WBA тұжырымы бойынша Азия чемпионы белбеуін қорғап қалды.
Елшат 24 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сін жеңсе, 2 тең нәтиже тіркеген. Филлемон Нгутенанье де жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Оның еншісінде 12 жеңіс және 2 тең нәтиже бар.