Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Канело екінші рет абсолютті әлем чемпионы атанды

Редактор
04.05.2025, 12:20

Оның қазіргі рекорды: 63 жеңіс, 2 жеңіліс, 2 тең айқас

Gettysport

Мексикалық Сауль Канело Альварес екінші орта салмақта (76,2 кг) әлемнің абсолютті чемпионы атанды.

34 жастағы мексикалық боксшы алғаш рет Солтүстік Америкадан тыс жерде жұдырықтасты. Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен бокс кешінде ол 32 жастағы кубалық Уильям Скуллдың (23-1, 9 КО) мысын басты. Бұл - Скуллдың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліс.

Жекпе-жекте Канело WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулерін қорғаса, Скулл IBF белбеуін бәске тікті. Айқас толық 12 раундқа созылып, төрешілердің ортақ шешімімен Канело жеңіске жетті: 115-113, 116-112, 119-109.

Бұл - Канелоның қатарынан алтыншы жеңісі. Дегенмен мексикалық 2021 жылдан бері қарсыласын мерзімінен бұрын жеңбеген. Оның қазіргі рекорды: 63 жеңіс, 2 жеңіліс, 2 тең айқас.

Естеріңізде болса, Канело абсолютті чемпион атағына 2021 жылдың қарашасынан 2024 жылдың шілдесіне дейін иелік етіп, осы аралықта төрт рет белбеулерін қорғады. Кейіннен ол IBF белбеуінен бас тартып, былтыр күзде міндетті қарсылас атанған Скуллдың орнына көбірек табыс әкелетін Эдгар Берлангамен жұдырықтасты. Нәтижесінде Уильям 2023 жылдың қазанында ресейлік Владимир Шишкинді ұтып, бос тұрған титулды иеленді.
Енді Сауль Альварес 12 қыркүйекте Лас-Вегаста Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізеді.

Жарнама
Жарнама