Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Балауса Мұздыманның келесі қарсыласы белгілі болды

04.05.2025, 20:40

Ол – бұған дейін жеңіліп көрмеген египеттік боксшы

Nomad Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыманның (7-0, 5 КО) қарсыласы анықталды. Отандасымыз 6 маусымда мысырлық Айя Рамаданға қарсы жекпе-жек өткізетін болды.

Бұған дейін Балаусаның 6 маусымда Алматыда All Stars Boxing турнирі аясында кезекті жекпе-жегін өткізетінін хабарлаған болатынбыз. Алайда, оның қарсыласы бүгінге дейін белгісіз болып келген.

Айя Рамадан кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Балауса Мұздыман 7 жекпе-жектің бәрін жеңіп, 5 рет нокаут тіркеді.

Қазақ боксшысы соңғы рет 5 сәуірде рингке шыққан болатын. Астанада өткен бокс кешінде ол филиппиндік Мария Тереза Пилиниді (7-2, 2 КО) төрешілер шешімі бойынша жеңді.

Жарнама
Жарнама