Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Жәнібекпен жекпе-жекке дайынмын, маған белбеу керек – Мейірім Нұрсұлтанов

06.05.2025, 14:13

Қос боксшы бір салмақта өнер көрсетеді

коллаж: 1bol.kz

Кәсіпқой бокстан орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуге жақын. Ол WBC чемпионы доминикалық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) жұдырықтасуға бірден-бір үміткер. Бұл жекпе-жектің тағдыры 6 мамырда, яғни бүгін шешілуі тиіс. Бұл туралы боксшы «Бірінші бол» YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.

Десе де, Адамеспен Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) да жұдырықтасуға үмітті. WBO және IBF титулдарының иесі үшінші белбеу үшін доминикалықпен жекпе-жек өткізуді екі жылдан бері көздеп жүр. Яғни, Карлос Адамес биыл осы екі қазақтың бірімен кездесуі тиіс.

Қалай болғанда да, белбеулер үшін талас жақын уақытта Мейірім мен Жәнібек арасында да болатын сияқты. Екі қазақ бір-біріне қарсы рингке шыға ма?

«Жәнібекпен жекпе-жек өткізуге дайынмын. Егер Адамеспен шығып, оны жеңсем, Жәнібек екеуміз үш белбеуді сарапқа салуымыз керек болады. Ал, Жәнібек Адамеспен шығып, оны жеңіп жатса, мен WBC белбеуі үшін міндетті үміткер ретінде бәрібір Жәнібекке қарсы жекпе-жек өткізуім керек. Қазақ пен қазақ рингке шықса – бұл қазақ боксы деңгейінің өскенін көрсетеді», - деді Мейірім Нұрсұлтанов сұхбат барысында.

Жарнама
Жарнама