Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өзбекстандық боксшы Саттархановтың ескерткішіне тағзым етті

Редактор
06.05.2025, 14:49

Жасурбектің бұл әрекетіне оқырмандары ерекше қолдау көрсетті

instagram.com/jasurbek_latipovofficial

Өзбекстанның белгілі боксшысы, Лондон Олимпиадасына қатысушы Жасурбек Латипов Түркістандағы Бекзат Саттархановтың ескерткіше тағзым етіп, құрметті көрсетті. Бұл туралы өзбекстандық спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында фотосурет жариялады.

«Бекзат Саттарханов – 57 кг салмақ дәрежесінде 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы. 20 жасында жеңіске жеткен аңыз тұлға», - деп жазды Латипов.

Жасурбектің бұл жазбасына оның оқырмандары ерекше қолдау көрсетті. Олардың арасында боксшының қазақстандық қарсыласы Ілияс Сүлейменов те бар.

Жасурбек Латипов әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері. Ол 2011 жылы Бакуде өткен біріншілікте қола жүлде иеленсе, 2013 Алматыда, 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген. Сондай-ақ, ол Азия чемпионы (2017 ж.), Азия ойындарының жеңімпазы (2018 ж.)

Жарнама
Жарнама