Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Экс-министрдің ағасы Астана қалалық бокс федерациясының басшылығынан кетті

Редактор
Бүгін, 10:12

Берік Маржықбаев бокстан Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнованы жаттықтырған

ҚБФ

Астана қалалық бокс федерациясының президенті қызметін атқарған Берік Маржықбаев қызметін табыстап, орнын босатты. Оның орнына сайлау нәтижесі бойынша  Алмат Досымов бірауыздан жаңа қызметке тағайындалған.

Жаңа қызметке тағайындау іс-шарасына елорданың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит, еліміздің бокс федерациясының аймақтармен жұмыс бойынша вице-президенті Болат Абдрахманов, Астана бокс федерациясының президенті Берік Маржықпаев, бапкерлер мен спорт мамандары қатысқаны белгілі болды.

Жиын кезінде көпшілікке Алмат Маратұлының кандидатурасы лайық деп танылып, көпшілікке жаңа басшы ретінде таныстырылғаны айтылды. А.Досымов «ALMARAPETROLEUM» ЖШС директоры, заң және менеджмент саласы бойынша білім алған.

Федерацияның экс-президенті Берік Маржықбаев бокстан Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнованы жаттықтырған болатын. Ол бұған дейін бірқатар лауазымды қызметтер атқарды. Оның ішінде Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған.

Жарнама
Жарнама