Кәсіпқой боксшы Саматәлі Төлтаев үйленді

Редактор
19.05.2025, 17:13

Ол допинг дауына ілінген соң әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысқан

Фото әлеуметтік желіден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Саматәлі Төлтаев отау құрды. Белгілі спортшының таңдауы Динара есімді аруға түскен.

Боксшының үйленгені туралы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан желіде жазба жазба жариялап, экс-командаласын құттықтады. Спортшы өзінің жақындарымен бірге қуанышты сәтін бірге атап өткен.

Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада өнер көрсеткен Саматәлі Төлтаев 60 келі салмақта айтулы жетістіктерге қол жеткізген. Ол жастар арасында бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы (2017), Қазақстан чемпионы (2020), 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.

2024 жылдың наурыз айында допингке қарсыұлттық орталық жарыстан тыс талдама қорытындысы бойынша Саматәлінің қан құрамынан оралтуринабол табылған еді. Соның салдарынан ол 2026 жылдың 31 наурызына дейін Ұлттық құрама сапында жарыстарға қатысу құқығынан айрылғаны айтылған.